Контактная информация: Тел.: +7 (702)-4382115 Email: mariyaessengeldina@gmail.com
Ақансері Қорамсаұлы «Ай көке»
Сырымбет биік адыр қатар кезең,
Жарасып таудан құлай аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,
Көк орай, қайың мен тал – бәрі де әсем.
Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.
Мөп-мөлдір сынап құсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал егінге жай,
Шырайы әдемі жер күліп жатқан.
Ай-ай, көке, үридай,
Қалқаш-ай, үридай, үридай.
"Абай мен Ақан әлемі" атты әдеби кеште ең үздік эссе Абай Құнанбайұлы туралы
Бүгінгі күн жігіттерінің бойында Абай Кұнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңінде сипитталған мінез құлықтар қаншалықты кездесетінін дәлелдеңіз.
Абай Құнанбайұлы ұлы тұлға. Оны керемет ақын-ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері, аудармашы композитор, ойшыл және философ деп атауға болады. Ағымдағы жылы Қазақстан мемлекетін бүкіл елге паш еткен ұлы тұлғамыздың Абай Құнанбайұлының туылғанына 175-жыл толуына орай Абай атамыздың шығармаларының тәрибелік маңызы зор екенін көрсету мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Абай Құнанбайұлы Қазақстан тарихында үлкен өшпестей із қалдырды. Ол әлемдегі ең алып жазушылардың бірі, бірегейі. Абай бізге қазір жастарға де үлкен мұра, асыл қазына білімге баулитын көптеген шығармалар қалдырды. Ол 170-ден астам тамаша өлең жазды, оның бірі «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат». Басқа жазушылардан айырмашылығы Абай Құнанбайұлы өз шығармашылығына жанын салып, жастарға үлгі боларлықтай ақылын айтады. Шығармаларында шынайылық сезіледі Ол толық түсінуге және жақсы өмірге ұмтылуға жүректен жүрекке жеткізе алады. Ол өз халқына қамқорлық жасайды және оның бақытты болғанын қалайды. Ақын ол ойы туралы өзінің философиялық өлеңдерінде айтады. «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» өлеңінде.
Жігіттер, ойын-арзан, күлкі-қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
-деп басталатын өлең шумақтарын да, «ойынды арзан» «күлкіні қымбат» сияқты сөздердің мағынасын аша түсу мақсатында дана Абай бір-біріне қарама-қайшы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді таңдаған: арзан және қымбат. Өлеңнің мәнінің өзегі мен құрылымдық жүйесі үшін «ойынның арзан» болуы маңызды, шешуші болса, соған байланысты «күлкі қымбат» сөзі болуының маңызы өте зор. Осы сияқты қарама-қарсы қатынаста байланысқан сөздердің мәні Абай атамыздың жеткізгісі келген, ойының салмағын арттыра түскен, өлеңдегі поэтикалық қасиеттерді арттыра түсетіні белгілі.
Өлеңнің бастапқы шумағында Абай Құнанбайұлы екі түрлі құбылысты салыстырып өткен. Бірінші сөзі – ойын болса, ал екіншісі сөзі –күлкіні салыстырып кеткен. Абай Құнанбайұлының қымбат деп қолданған сөзі күлкі емес, адамдардың ішкі жан дүниесі, ниеті мен шынайы ықыласы болып тұр. Абай Құнанбайұлы мына тармақтар жолдарында «Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деп, сыр деп – ішкі болмысын айтса, ол ниеті, ықыласы, ал сымбат – сыртқы көрінісі, бет-бейнесі деп ақынымыз дөп басып айтқан. «Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік, ер табылса жарайды, қылса сұхбат» деп, шынайы қарым-қатынастардың ақ көңіл, ақ ниетке шын ықыласпен құралатынын өлең жолдары арқылы түсіндіреді. Өлеңінде ақынымыз татулық, әдеп, тұрлаулылық, адалдық, ар, мінез, жігерлік, ең бастысы жігіттерімізге тән қасиеттерді насихаттағаны көрініп тұр..
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша,
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзін өз халінше-
Бұл тармақ жолдарында Абай Құнанбайұлы жігіттердің 3 типі болатыны туралы айтқан. Бұл үш типте қазіргі таңдағы жігіттердің бойынан табылатын қасиет.
Бірінші тип жігіттері сөзге мән бермейтін жігіттер туралы айтырлған. Өзінің сөзіне де берік емес, адамдардың айтқан сөзінде, ақылында жадында сақтамайтын жігіттер жайында айтқан. Ол дегеніміз- жігіттердің ақылсыздығынан, ой өрістерінің төмен болуына байланысты айтылса керек.
Екінші тип жігіттері айтылған сөздерді, өздері айтатын ойды өз шама-шарықтарына қарай қабылдайтын жігіттер. Олардың өз ойлары көп нәрсеге жете қоймайтын, айтылған сын-пікірлерді өз ойларына байланысты қабылдайды. Айтылған сын пікірге қосымша сұрақ қою арқылы тақырыптың тұңғиығына жете бермейтін жігіттер туралы айтқан. Ондай жігіттер қазіргі таңда көптеп кездеседі. Ой өрістері өз шама-шарықтарына байланысты келеді. Білімі ой өрістеріне байланысты дамымай қалған жігіттер.
Үшінші тип жігіттері сөздің қадірін, мағынасын, айтайын деген ойды тереңінен түсінетін жігіттер. Айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдай алатын, сөздерін орынды қолданатын, айтқысы келген ойларын он рет ойланып сөзінің астарын түсетін ақылды, парасатты жігіттер туралы айтқан. Бұл типтегі жігіттеріміз де қазіргі таңда өте көп білімді, парасатты, ақылы көркіне сай жігіттеріміз жетерлік. Олар біздің Әкеміз, ұстаздарымыз, ақылшы ағаларымыз.
Бұл өлең арқылы Абай жігіттерге ақыл айтады. Өлеңде бір нәрсеге ұмтылу, мақсат қою және оған жету керек деп айтылады. Жалқау болудың қажеті жоқ, пайдалы болу керек. Біз бұл өмірде мүмкін болатын ең көп нәрсені жасауға тырысуымыз керек. Өйткені, бізде бір ғана өмір бар. Себебі бұл тақырып қазіргі уақытта өте өзекті. Жастар қазір оқығысы келмейді, көңіл көтеріп, демалғысы келеді. Абай бұл өлеңде қандай достармен сөйлесу керектігін, әдепті және мейірімді болу керектігін айтады. Достық-бұл өте қымбат, бұл- адам өмірінде негізгі орын алады. Әйелі ер адам үшін үлкен маңызға ие, ол оған дос болуы керек дейді. Егер отбасында достық болса, онда отбасы бақытты болады. Адамдағы ең бастысы-шынайылық, егер сіздің досыңыз сізді алдаса, онда ол сіздің досыңыз емес. Бұл өлеңмен Абай Қазіргі, бос жастарға әсер еткісі келеді және адамның ең бастысы-жан дүниесі деп айтуға болады. Қаншалықты өкіншіті болса да, қазіргі жастар әрдайым дұрыс және жақсы бола бермейді. Сондықтан мен барлығын осы өлеңді оқып, пайдалы ақпарат алуға шақырамын. Осы шығармамен Абай сөз құдіретін тағы да дәлелдейді, ол адамды толығымен өзгерте алады. Абай Құнанбайұлы-мейірімді және даналықтың идеалы. Өз шығармаларымен ол миллиондаған адамдардың тағдырын өзгертті. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады. Осы өлеңмен көптеген жігіттеріміздің мінез-құлқын өзгерте алатын ғажап сөздермен тағылымы мол өсиет қалдырды.
«Өз ұлын,өз ерлерін ескермесе,
Қайран ел қайдан алсын кемеңгерді?!»
Ән-бір өнер туындысы секілді.Адамның жүрегімен жан дүниесімен тебірентіп жібереді.Қазақ халқы негізінен ән мен күйге бай халық.Қазақта ежелден даланың үнімен үндес болған талай ақын,жыраулар болған.Солардың бірі Ақан сері Қорамсаұлы.Ол өз заманының жез таңдай әншісі мен жырауы болғанадам.Оның көптеген танымал шығармалары бар.Мысалы:«Ақтоқты»,«Алтыбасар»,«Терқатқан»,«Мақпал»,«Балқадиша» және тағы да басқа шығармалары бар.Ақан серінің шығармаларының көбісі әйел жаны туралы,және махаббат құдіретін асқақтата суреттеген.Сондай шығармалардың бірі «Балқадиша» әні.Бұл әннің шығуы мен даму тарихы өте тереңде жатыр.Бұл әнді негізінен Ақан сері Қадиша деген сұлудың сұлулығын көріп шығарған делінеді.Шын мәнінде:Ақан сері бірде ауыл ауылды аралап жүріп,атақты,аты көпке мәлім Ыбырай деген байдың ауылында болып жатқан шілдехананың үстінен түседі.Атақты сал сері жұрт қошемет ілтипатпен қарсы алады.Алайда дастарханның киелі төрінде отырған Ақан серінің қасына ешкім отырмайды.Себебі,елде кең тараған алып-қашпа әңгіменің кесірі тиеді.Ақан сері жын-перілермен қатысы бар деген әңгімеге сенген жұрт өздерін жайсыз сезінгендей болып,тойдың берекесі қашқандай болады.Бір кезде Қадиша деген сұлудың «Ауылымызға атақты сері келіпті ғой,неге ән шырқамасқа» деген сөздері естіледі.Бәрі ән шырқап отыр,мереке көңілді өтіп жатыр.Бірақ бұл жайтты ағалары біліп қойып,Қадишаға орнынан кетуге талап етеді.Бірақ Қадиша орынан тұрмайды.Қайтуға жиналып жатқанда Қадишаны сері жігіт жібере алмай қолындағы домбырасымен сол жерде осы әнді шығарған екен.Заман өтісімен «Балқадиша» әні көптеген қоғам қайраткерлерінің репертуарларынан көрінген.Атақты Әміре Қашаубаев Парижде өткен көрмеде Ақан серінің «Балқадиша» әнін шырқап күміс жүлдегері атанған.Бұл біз үшін қуанышты оқиғалардың бірі.
АҚАН СЕРІ ЖӘНЕ АБАЙ
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҮНДЕСТІГІ
1. Елімізге әйгілі
серіміз, әншіміз А.Қорамсаұлы — Өмірдің бар болмысын шебер суреттеп жырлары мен
әндерін жеткізген өз дәуірінің әйгілі ақыны ғана емес, мұңды, сырлы, лираканың
тебіреністі әуезімен, әндерін орындаудағы шеберлігімен көзге түсіп, ел ішінде
үлкен танымалдыққа ие болған. А.Қорамсаұлы ақындығы мен қоса алғанда керемет
композитор болып табылады. Нақтырақ тоқталсақ, Ақан сері деген атпен
танымалдылыққа ие болуы, жұрт арасында
абыройы асқақтаған сазгер атануы, атақ-даңқы кең әлемге жайылуы - әншілік,
сазгер, композитор болуының арқасында еді. Балалық шағынан халық әндері мен
күйлеріне сусуындап өскен, сазгеріміз әншілік өнерді толығымен меңгеріп, жігіт
кезінен бастап серілік дәстүрді ұстанып ән жазуды бастап кетті. Өзі туып өскен
жерінің табиғатына тамсанып, табиғатының әсемдігінен керемет сезімге бөленіп,
әсерлі әуеніне қосады. Сазгерлікте Ақан
сері жалғыздық күйін кешкен жоқ. Өзінің қасына өнерлі жастарды ертіп, ерекше
өнердің тобын құрып ел - елді аралап, той-томалақтарда өнерлерін көрсеткен.
Өнердің арыстарымен, ел серілерімен, сазгерлер мен әншілердің бәрімен етене
таныс болып, жақсы араласады. Атақты Балуан шолақ пен Жаяу Мұса, Естай мен Иман
Жүсіп, Құлтума секілді белгілі әнші, сазгеріміз жанына жақын достары болып
келеді. Бұл кісілердің бәрі де әншіміздің шығармашылығына оң әсерін тигізген,
композиторлық шабытын дамытып, суреткерлік шеберлігін шыңдай түсіп, талантын
дамытуға әсер еткен. Сазгеріміз қазақ халқының өнерін кәсіби тұрғыдан биікке
көтеріп, дәстүрлі өнерімізді классикалық тұрғыдан көрсетті. Бір бойында алуан
түрлі дарын иесінің поэзия мен әннің егіз лақтай табысуының өзіне ғана тиесілі
нақышы, жоғары деңгеймен орындау шеберлігі осы қасиеттердің бәрі Қорамсаұлының
бойынан табылады. Қорамсаұлының қоржынында қазақ мәдениетіне тән елуге жуық
әндері еніп, бізге мұра болып қалған.Қорамсаұлының шығармашылығы өзіне тән
поэтикалық тұнықтығымен, бейнелер әлемінде тереңдігі мен қоса әндерінің әсем
әуезділігі жағынан ерекешеленіп тұрды. Қорамсақлының шығармашылығының басты қасиеті -
сол заманның ащы шындығын боямасыз жырына арқау етіп, психологиылық жағынан
ирімге толы, көңіл-күйі ол бояуының қанықтығына байланысты болған.
Шығармаларының көп бөлігін махаббат лирикасы мен көңіл күйді
көрсететін лирикалық жағынан керемет сөзбен айтып жеткізе алмайын табиғатты
суреттеуі,мұңға бөлейтін өмірдің қиын кезеңдері туралы түйгендері мен пайымы шындық
пен шымыр қосылып өрбіп жатады.
Абай Құнанбаев – ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер,
ағартушы, жаңа қазақ реалистік жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Абай балалық шағында ширак емес, қайратты емес еді, бірақ Бұхар, Шортанбай
Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Марабай жырауларды, Шөжелерді тыңдап өскен, тез
тапқырлығымен, сезімталдығымен, тез тапқырлығымен, ертегі тарихын тез түсіне
білуімен ерекшеленді. Ұлжанның анасы да шешен болған, сөздің мағынасын білетін
ортада өскен. Оның ағасы (Тұрланның әкесінің ағасы) тонтай қайтыс болған кезде,
карапуз кожа-молдаға: "жазу-жазу-Қожа—молдадан гөрі ұят, енді біз
өлмейміз", - деді. Құнанбайға қарағанда өз отандастарының ғана емес,
сонымен қатар шетелдік саяхатшылардың да назарын аударған сөз тереңдігі кеңінен
ашылды; Құнанбай қажы "ескіліктің адамы" елді мекенінде медресе
салып, балалары мен туыстарын оқытқан. Абай сегіз жасында Ғабит ханның ауыл
молдасынан "Ескітам" медресесінде оқыды. Әкесі өзінің тапқырлығын
байқап, 10 жасқа толғаннан кейін оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.
Онда ол 3 жыл оқыды, үшінші жылы медресе осы қаладағы "приход
мектебіне" қосымша оқуға түсті, онда ол 3 ай орыс тілінде оқиды. Бұл ретте
М. О. Әуезов " өзі де үлкен және кіші жастағы барлық балаларға ілтипатты, парасатты
және ілтипатты болды. Дәрісте араб кітабын молла оқыды және тек бір рет түрік
тіліне аударылды. Балалардан басқа, өзге де сабақтардан басқа Абайға апаратын
оңай анағұрлым туралы дәріс оқылады. Көп уақыт болмаса да, Абай барлық уақытын
өзі жақсы көретін кітаптарды оқуға жұмсайды және ізденуге жұмсайды.